Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЭкологиялық заңнаманы өрескел бұзғаны үшін «СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы» ЖШС 1 миллиард теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы негізінде Экология департаменті аталған компанияға қатысты тексеру жүргізді. Нәтижесінде, ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдаланған фактілер анықталды.
2024 жылдың 21 қарашасында инспектордың қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шешімге наразы болған компания Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағым түсірді. Алайда, 2025 жылдың 4 наурызында шығарылған сот қаулысымен ЖШС-нің кінәсі толық дәлелденіп, оған 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.
Кейін тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа арызданды, бірақ 2025 жылғы 10 сәуірде апелляциялық инстанция бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, «СИНЬСИН» компаниясына қатысты шығарылған экологиялық талаптар мен айыппұл заңды күшіне енді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова