23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қытайдың «Тяньгун» орбиталық станциясында жүрген тайконавттар (қытай ғарышкерлері) алғаш рет ғарыш тарихында кәуап дайындады. Бұл ерекше сәт Қытайдың әлеуметтік желілерінде тараған бейнежазбада көрсетілген, деп жазады El.kz интернет порталы.
«Шэньчжоу-20» және «Шэньчжоу-21» кемелерінің экипаждары арнайы жасалған пештің көмегімен тауық қанаттары мен стейк пісірген. Ас дайындау процесі небары 28 минутқа созылған.
Ғарыш пеші халықаралық миссиялардың тәжірибесі негізінде жасалып, түтін шығармай, тағамды біркелкі әрі қауіпсіз қыздыруға мүмкіндік береді.
Қытай ғарыш агенттігінің мәліметінше, аспандағы бұл «аспаздық жаңалық» – ұзақ мерзімді экспедициялар кезінде тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама аясындағы жаңашылдықтардың бірі. Қазіргі таңда тайконавтардың мәзірінде 190-нан астам түрлі тағам бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік