6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ президенті қытайлық тауарларға 104% кедендік тариф енгізгеннен кейін, Қытай да америкалық тауарларға 84% көлемінде баж салығын енгізетінін жариялады. Бұл туралы The New York Times-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір апта бұын президент Трамп қытайлық өнімдерге 34% тариф енгізген, оған жауап ретінде Бейжің де 34% баж салығын енгізді. Кейін Трамп тағы қосымша 50% салықпен жауап берді, енді Қытай да қарап қалмай, бұл қадамға теңдей жауап қайтарып отыр.
Қытайдың шешімі бойынша, барлық америкалық тауарға 84% баж салығы салынады, бұл Бейжің уақытымен түн ортасынан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар Қытай тағы 12 америкалық компанияға экспорттық бақылау енгізетінін, сондай-ақ тағы алты америкалық компанияны «сенімсіз субъектілер» тізіміне қосқанын жариялады. Бұл тізімге енген компанияларға әдетте Қытайда немесе қытайлық серіктестермен бизнес жүргізуге тыйым салынады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі