22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКейінгі уақытқа дейін Apple мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейге жеткен - компания өндірісті белсенді дамытып, Қытай нарығының қажеттілігін өтеу үшін барын салды, ал Қытай билігі жұмыс орындары мен салық алып отырды. Қарапайым тұтынушылар ең заманауи «Apple» өнімдерін алуға тырысатын. Қытайдың түкпір-түкпіріндегі компаниялар өз қызметкерлерінен Apple iPhone телефонын (және шетелдік брендтердің басқа да гаджеттерін) жұмысқа әкелмеуді талап етіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл үрдіс 10 жыл бойы жүргізіліп келеді - Қытай мемлекеттік ұйымдарға талап қоя отырып, шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға ұмтылуда. Bloomberg мәліметі бойынша, соңғы айда екі ірі үкімет органы қызметкерлерінен жергілікті гаджет брендтеріне ауысуы талап етілген құжат қабылдады.
Компаниялар iPhone және басқа да Apple өнімдеріне тыйым салатын ережелер мен нұсқаулықтарды өз беттерімен шығарып жатыр.
Бір қызығы, бұл процесс ерекше жылдам жүргізіліп жатқан аймақтардың қатарында әлемдегі ең ірі iPhone шығаратын зауыт орналасқан Хэбэй провинциясы да бар.
— Әрине, Apple басшылығы бұл жағдайдан хабардар. Алайда ештеңе істей алмайды. Енді Қытай мен Apple компанияларының жолы теңіздегі кемелер сияқты алшақтайтыны анық, - деп жазады басылым.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев