20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында Олжас Бектенов еліміздің 12 өңірі зардап шеккен тасқынының ауқымын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жағдайды Мемлекет басшысы өзінің жеке бақылауында ұстап отыр. Апатпен күресуге қолдағы барлық ресурстар мен күштер жұмылдырылды. Мемлекеттік органдардың, ірі бизнес өкілдерінің, белсенді азаматтар мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ауқымды жұмыс жүргізілді. Қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Адамдар уақытша баспанамен, тамақпен және күнделікті өмірге қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Бүкіл халық болып Мемлекет басшысының үндеуіне құлақ асып, су басқан өңірлерге қол ұшын созды. Бәріне жәрдем берілді, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Мәселен, өтініш берген барлық отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген залалды бағалау жұмыстарынан соң қираған немесе бүлінген мүлік үшін 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленді. Сонымен қатар отбасыларға 9 мыңнан астам үйді жөндеуге қаражат төленіп, нарықтан 6 мыңға жуық пәтер мен үй сатып алынды.
Бүгінгі таңда 2 576 үй салынды, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыстар бітуге жақын. Үкімет басшысы жаңа тұрғын үйлерді тез арада аяқтап, баспаналарды тұрғындарға тапсыру қажеттігіне назар аударды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?