Кеше, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жаз мезгілі – дәруменге бай жеміс-жидекті қысқа дайындайтын ең қолайлы уақыт. Соның бірі – шие. Оны дұрыс мұздатсаңыз, табиғи дәмі мен хош иісін ұзақ уақыт сақтап, қыста компоттан бастап түрлі десерттерге дейін пайдалана аласыз. Ең бастысы – әр тәсілдің өзіндік ерекшелігін ескеріп, жидекті дұрыс дайындау. Шиені сүйегімен де, сүйегін алып та, қантпен немесе өз шырынында да мұздатуға болады.
Мамандар мұздатылған шиені 8-12 айға дейін сақтауға болатынын айтады. Дегенмен пайдалы қасиеттері алғашқы 6 айда жақсырақ сақталады. Сондықтан мұздатылған өнімнің сыртында күнін жазып қойған жөн.
Мұздатар алдында шиені қалай дайындау керек?
Ең алдымен шиені салқын сумен жақсылап жуыңыз. Артық суын елекке немесе сүзгіге сүзіп, бүлінген жемістерін, сабақтарын алып тастаңыз.
Одан кейін шиені таза сүлгінің үстіне бір қабат етіп жайып, толық құрғатыңыз. Қағаз майлықпен сүртсеңіз, бұл процесс жылдамырақ жүреді. Жидектің бетінде су қалса, мұз қатып, кейін бір-біріне жабысып қалуы мүмкін.
Бұл әдіс компот, морс немесе кисель дайындауға өте қолайлы.
Шиені табаққа немесе науаға бір қабат етіп орналастырыңыз. Жемістер бір-біріне тимегені дұрыс. Оны шамамен 6 сағатқа мұздатқышқа қойыңыз.
Шие толық қатқан соң ғана оны арнайы мұздатқыш пакетке немесе қақпағы бар контейнерге салыңыз. Пакеттегі артық ауаны шығарып тастасаңыз, сақтау мерзімі ұзарады әрі мұздатқышта аз орын алады.
Пирог, бәліш, торт және түрлі десерттерге арналған ең қолайлы әдіс.
Шиенің сүйегін арнайы құралмен немесе кәдімгі коктейль түтікшесі, түйреуіш, қағаз қыстырғыштың көмегімен алыңыз.
Содан кейін жидектерді тақтайшаға немесе науаға бір қабат етіп жайып, шамамен 6 сағат мұздатыңыз. Кейін оларды пакетке немесе контейнерге салып, қайтадан мұздатқышқа орналастырыңыз.
Бұл – дайын тосаптың жеңіл нұсқасы. Оны ботқаға, сүзбеге, құймаққа немесе балмұздаққа қосуға болады.
Не қажет?
1 келі шиеге шамамен 200-250 грамм қант қосып, блендермен біркелкі масса болғанша езіңіз.
Дайын қоспаны контейнерлерге құйып, қақпағын жауып, мұздатқышқа қойыңыз.
Бұл тәсілде жидектер пішінін сақтай отырып, тәтті шәрбатпен бірге мұздатылады.
Бір стақан шиені 1 ас қасық қантпен бірге езіп алыңыз. Кейін контейнерге бүтін, сүйегі алынған шиелерді салып, үстінен дайын езбені құйыңыз.
Мұндай шие ботқаға, сүзбеге немесе тәтті тоқаштарға керемет жарасады. Қолданар алдында оны түнде тоңазытқыштың төменгі сөресіне қойып жібіткен дұрыс.
Егер шиені бүтін күйінде сақтағыңыз келсе, оны қантпен қабаттап мұздатуға болады.
Контейнердің түбіне бір қабат шие салып, үстінен аздап қант себіңіз. Осылайша контейнер толғанша қайталаңыз. Соңғы қабатқа да қант себіліп, қақпағы жабылады. Бұл әдіс жемістің пішінін сақтап, табиғи дәмін жоғалтпауға көмектеседі.
Жазғы лимонад немесе сергітетін сусындарға ерекше сән бергіңіз келсе, мұз текшелеріне шие қатырып қойыңыз.
Мұз қалыптарының әр ұяшығына бір-бірден сүйегі алынған шие салыңыз. Үстінен таза су құйып, қалауыңызша жалбыз немесе розмарин жапырағын қосуға болады.
2-3 сағаттан кейін мұз толық қатқан соң текшелерді пакетке салып, мұздатқышта сақтаңыз.
Шиені мұздатуда есте сақтайтын кеңестер:
Кеше, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Кеше, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?