Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метр қашықтықта екінші орында келіп, 7:12.409 нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бірінші орынға Оңтүстік Корея командасы жайғасса, қола медаль Нидерландыға бұйырды. Қазақстандық команда құрамында Санжар Жанисов, Антон Хван, Әлішер Әбілқамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов және Валерий Клименко өнер көрсетті. Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Жапонияға қарсы матчта айтулы жеңіске жетті.
Жапондықтар қақпасына қатарынан 8 шайба салып, біздің хоккейшілер қола медаль иеленді. Қазақстан құрамасынан шайба салғандар қатарында Максим Мұхаметов (3 шайба), Саян Данияр, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов, Әли Қасенов және Данил Бутенко болды.
Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина жаппай старт жарысында эстониялық және америкалық спортшыларға есе беріп, қола медаль иеленді. Осылайша, қазақстандық студенттер 2023 жылғы қысқы Универсиадада 11 медаль: үш алтын, төрт күміс және төрт қола еншіледі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар