2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанда 1 желтоқсаннан бастап барлық автокөлік құралдарына қысқы шиналармен жүру талабы ресми түрде күшіне енді. Бұл норма жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында енгізілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, көлікте орнатылған қысқы шиналар барлық доңғалақтарда болуы тиіс, ал олардың протектор тереңдігі кемінде 4 миллиметрден төмен болмауы керек. Сарапшылардың айтуынша, мұндай шиналар тежелу жолын қысқартып, көліктің көктайғақта сырғанауының алдын алады.
Қолданыстағы Әкімшілік кодекстің 590-бабының 5-бөлігі бойынша, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қысқы шинасыз жүру - құқықбұзушылық болып саналады.
Ереже бұзылған жағдайда жүргізушілерге:
5 АЕК көлемінде айыппұл салынады - бұл 19 660 теңге;
Ал тәртіп бұзушылық ескерту алғаннан кейін қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке, яғни 78 640 теңгеге дейін өседі.
Мамандар қыс мезгілі басталғаннан бері еліміздің көптеген өңірлерінде мұзтайғақ пен қарлы боранның жиілегенін атап өтіп, жүргізушілерге көліктерін алдын ала дайындауға кеңес береді. Қысқы дөңгелектерді уақтылы ауыстыру - өз қауіпсіздігіңізді және жолдағы басқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды.
Жол полициясы алдағы күндері рейдтік тексерістерді күшейтетінін хабарлады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс