22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы қалалық мәслихатының депутаты Анна Башинская әлеуметтік желіде жазған пікірінен соң кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ол Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес беріп пікір қалдырған болатын. Мұнысы көпшілік арасында қызу талқыланып, депутат қызметінен кетсін деп талап еткендер көбейді.
Ал Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров бұл мәселені бейжай қалдырмайтынын алға тартты.
Анна Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды. А.Башинская қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бейжай қалдырмайды, - деді Канкуров.
Осыдан соң Башинскаяның өзі де әлеуметтік желіде пікірі орынсыз болғанын айтып, жұртшылықтан кешірім сұрады. Депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын да алға тартты.
Өз әрекетіммен еліміздің бейбітсүйгіш саясатына көлеңке түсіргім келмейді. Осы уақыт аралығында көп ойланып, әрекетімді сынағандардың сезімін түсіндім. Пікірім бүгінгідей күрделі кезеңде орынсыз болғанын түсінемін. Осы орайда партияның ресми ұстанымын қолдайтынымды жеткізгім келеді. Жеке жауапкершілікті сезіне отырып, депутаттық өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Отандастарым мен партияластарымнан қателігім үшін кешірім сұраймын, - деді Башинская.
Бұған дейін ол:
Зеленский мырза, одан да Түркияға шабуыл жасаңыз. Ол жақты жыл бойы ауа райы жылы болады, - деп пікір қалдырған болатын.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев