Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӨткен жылғы 2 қарашада Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 10-нан астам ұрлық жасағаны үшін облыстың 32 жастағы тұрғынын халықаралық іздеуге жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қырғыз Республикасы полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылы кезінде ҚР ҰҚКК-мен бірлесіп күдікті ұсталды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар