20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚырғызстанның Шу облысында вандалдар еуропалық туристер мінген пойызға тас лақтырды. Бұл туралы «Кыргыз темир жолу» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Кыргыз темир жолу» Кант — Аламедин бағытындағы жол учаскесінде болған оқиғаға алаңдаушылық білдіреді. Белгісіз тұлғалар вандализм әрекетін жасап, Ыстықкөл облысының Балықчы қаласынан келе жатқан туристік пойыздың вагондарына тас лақтырып, терезелерін сындырған. Пойызда Еуропа елдерінен келген шетелдік туристер болған, — делінген ресми хабарламада.
Оқиға салдарынан пойыз бригадасының бір қызметкері зардап шеккені де нақты айтылды.
Баспасөз қызметі мұндай әрекеттер жолаушылар үшін үлкен қолайсыздықтар тудырып қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіретінін атап өтті. «Кыргыз темир жолу» шетелдік қонақтардың зардап шегуі Қырғызстанның халықаралық беделіне кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартады.
Темір жолға жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарын саналы әрі жауапты болуға шақырған мекеме, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекет заң аясында қарастырылатынын ескертті.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жай-жапсары анықталып, тергеу жүргізілуде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?