23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қырғызстанның Әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.
Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Расталмаған мәліметке сәйкес, Шекара қызметінің әскери қызметшісі оның Қырғызстан аумағына келуін заңдастырған.
Бұдан әрі Серік Күдебаев Түркияға «Манас» әуежайы арқылы ұшып кетті. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, бұл іс бойынша төрт адам тергеліп жатыр. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қатысушылардың бірі – әскери қызметші, қалғанының әскерге қатысы жоқ, – деп хабарлады редакция.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жылдың қаңтар айындағы оқиғалар кезінде полиция бастығы жеке құрамды таратып, Полиция департаментінің ғимаратын тастап кетіп, шабуылдаушыларға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденуге мүмкіндік берген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік