7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қырғыз Республикасының Президент әкімшілігі әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасап, өлтіргендерге қатысты өлім жазасын енгізуді көздейтін Конституцияға түзетулер енгізу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Елде балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты аса ауыр қылмыстың жыл сайын өсуі байқалады.
Инициаторлардың айтуынша, ресми статистика балаларды зорлау фактілерінің нақты ауқымын толық көрсете алмайды. Мұндай қылмыс бойынша статистиканы жүргізудің қиындығы ата-аналардың, балалар мен әйелдердің зорлық фактілерін жасыруында. Қоғамдық әшкерелеуден қорыққан жәбірленушілер мен олардың туыстары оқиғаны жасыруға тырысып, соның салдарынан балаларға орны толмас психологиялық зиян келеді. Ал зорлық-зомбылық жасағандар жазасыз қалатынын сезіп, біраз уақыттан кейін басқа балаларға да осындай қылмыс жасауды жалғастырады. Соңғы жылдары балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың өсуі қоғамды өлім жазасын қайтару туралы мәселені байыпты түрде қарастыруға мәжбүр етті, — делінген түсіндірмеде.
Түзетулерге сәйкес, Сыртқы істер министрлігіне «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасын жоюға бағытталған екінші факультативтік хаттамасына Қырғыз Республикасының қосылуы туралы» заңның күшін жою туралы құжатты сақтауға тапсыру тапсырылды.
Егер «Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу туралы» заң референдум арқылы қабылданса, Жогорку Кенештің қарауына Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процессуалдық кодекске және Қылмыстық-атқару кодексіне тиісті өзгерістер енгізу туралы заң жобалары ұсынылады.
Айта кетелік Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасап, адам өлтіргендерге қатысты өлім жазасын қайта енгізу бастамасына түсініктеме беріп, бұл мәселе тек бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешілетінін мәлімдеген еді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?