Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚырғызстан Президенті Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарын кезектен тыс сайлауды 2025 жылғы 30 қарашаға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жарлыққа сәйкес, сайлау Қырғызстан Конституциясының және «Президент пен Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» конституциялық заңның нормаларына сәйкес өткізілмек.
Орталық сайлау комиссиясына сайлау науқанын ұйымдастыру, соның ішінде қашықтан дауыс беру жүйесін енгізу тапсырылды. Ал Министрлер Кабинетіне қажетті қаржы бөлу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жүктеліп отыр.
Сондай-ақ халықтың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі деректерді нақтылап, сайлаушылардың дұрыс тізімін қалыптастыру міндеті қойылды. Жарлық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек