18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қырғызстанда балаларға қосарланған фамилия беру мәселесі заңнамалық деңгейде қарастырылып жатыр. Жогорку Кенеш депутаттары «Азаматтық хал актілері туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі заңнамаға сәйкес, балаға ата-анасының бірінің ғана тегі беріледі және қосарланған фамилия қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған. Жаңа бастама қабылданған жағдайда ата-аналар баласына әкесі мен анасының тегін қатар бере алады.
Ұсынылған норма бойынша фамилиялар дефис арқылы жазылады. Сондай-ақ олардың орналасу тәртібін ата-аналар өздері анықтайды. Яғни алдымен әкесінің тегін, кейін анасының тегін немесе керісінше көрсетуге болады.
Алайда заң жобасында белгілі бір шектеу де бар. Балаға екі фамилиядан артық беруге жол берілмейді.
Депутаттардың айтуынша, бұл өзгеріс азаматтардың өтінішінен кейін қолға алынған. Мысалы, бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған фамилия бергісі келгенімен, азаматтық хал актілерін тіркеу органдары қолданыстағы заң талаптарына байланысты мұндай өтінішті қанағаттандырмаған.
Бұл тәжірибе қай елдерде бар?
Қосарланған фамилия әлемнің көптеген елінде бұрыннан қолданылады. Әсіресе испантілді мемлекеттерде бұл қалыпты тәжірибеге айналған.
Мәселен, Испанияда бала әкесінің және анасының тегін алады. Мұндай жүйе Мексика, Аргентина, Чили секілді Латын Америкасы елдерінде де кең тараған.
Португалияда азаматтардың бірнеше фамилия қолдануына мүмкіндік бар. Ал Францияда ата-аналар баласына әкесінің, анасының немесе екі тегін қатар беру құқығына ие.
Қосарланған фамилия гендерлік теңдікке әсер ете ме
Сарапшылар пікірінше, қосарланған фамилия гендерлік теңдік қағидатын нығайтады. Өйткені көптеген елде балаға дәстүрлі түрде тек әкесінің тегі беріліп келген.
Сонымен қатар бұл тәсіл ана әулетінің тегін сақтауға, отбасы тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Кейбір отбасылар үшін бұл екі жақтың да туыстық байланысын көрсету құралы саналады.
Қырғызстандағы есім беру реформалары
Қырғызстан соңғы жылдары азаматтардың аты-жөнін ұлттық дәстүрге жақындатуға бағытталған реформаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, азаматтарға фамилиясын қырғыздың ұлттық үлгісінде рәсімдеуге мүмкіндік беретін өзгерістер қабылданған.
Соның арқасында тұрғындар құжаттарында «уулу», «кызы», «теги» сияқты дәстүрлі қосымшаларды пайдалана алады.
Қазақстанда жағдай қалай?
Қазақстан заңнамасына сәйкес балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Қазіргі таңда қосарланған фамилия мәселесі заңнамалық деңгейде кеңінен қолданылмайды.
Сондықтан Қырғызстандағы бастама Орталық Азиядағы есім мен тегін рәсімдеу тәжірибесіне қатысты маңызды өзгерістердің бірі ретінде бағалануда.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр