23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қырғызстанда әлеуметтік мекемелердегі қарттардың саны көбейген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов қылмыстық және отбасылық кодекстерге, сондай-ақ "мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалдық қызмет туралы" заңға енгізілетін түзетулер туралы айтты. Оған сәйкес еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналары үшін жауапкершілігін қатаңдату ұсынылды.
Депутаттың айтуынша, бүгінде қарт ата-аналарды қарттар үйінде қалдыру қалыпты жағдайға айналды.
Әлеуметтік мекемелердегі қарттардың саны артып келеді. Олар әртүрлі себептермен сонда қалады, бірақ көбінесе балалары қалдырады. Ата-аналарын тастап кеткен азаматтарды жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет. Бірақ іс жүзінде бірде-бір ата-ана баласына қарсы арыз жазбайды. Аталмыш заң жобасын қабылдаған кезде мекеме басшылығы автоматты түрде құқық қорғау органдарына өтініш жібереді және іс сотта қаралады, - дейді депутат.
Депутат ата-анасын қарттар үйінде қалдырғаны үшін азамат жауапқа тартылған жағдайда айыппұл мөлшерін 50 мыңнан 100 мың сомға дейін ұлғайтуды ұсынады. Сондай-ақ депутат ата-анасын қараусыз қалдырған балалар мемлекеттік қызметке қабылданбайды деген норма енгізуді де ұсынды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік