20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚырғызстанда бірқатар саясаткерлер ел астанасын Бішкектен Манас қаласына көшіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының ҰҚК төрағасы, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчибек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы АКИpress агенттігіне сілтеме жасап.
Егер біз лайық болсақ, неге болмасын, Алла қаласа, болады. Ол үшін алдымен қаланы да, халықты да дайындау қажет. Психологиялық тұрғыда да дайын болу керек. Астана болу оңай емес. Қаланың дамуына көп қаржы бөлінеді, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Манасты заманауи қалаға айналдыруымыз керек, – деді Ташиев 11 қазанда Манас қаласындағы мектеп директорларымен кездесуде.
Оның айтуынша, Манас 2026 жылы республикалық маңызы бар үшінші қала мәртебесіне ие болады. Сондай-ақ Ташиев қаланың атауын өзгерту стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болғанын атап өтті.
Айта кетейік, Жалал-Абад қаласы ресми түрде 17 қыркүйекте Манас болып өзгертілді. Тиісті заңға Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Манас – Қырғызстандағы көлемі жағынан үшінші қала, Жалал-Абад облысының әкімшілік орталығы. Қаланың халқы – 184 400 адам. Ол елдің оңтүстігінде, Ферғана аңғарында орналасқан.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?