Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді Бішкекке ресми сапары барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстан басшысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестікті тереңдетуді, орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық өңірлік ұйымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Министр Қырғызстан президентіне Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбаттасын қазақ-қырғыз қатынастарының өзекті жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары туралы хабардар етті. Одақтастық қатынастарды кеңейтуге өзара қызығушылық білдірілді.
Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?