22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚырғызстан өз ұлттық криптовалюта стратегиясын жүзеге асыру жоспарын жариялап, KGST мемлекеттік стейблкоины пен Орталық банктың цифрлық валютасын (ЦВЦБ) мемлекеттік секторда енгізуді қолға алды.
Бұл туралы Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бұрынғы бас директоры Чанпэн Чжао (CZ) X парақшасында мәлім етті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Жоспар бойынша KGST ұлттық валюта – қырғыз сомына 1:1 қатынаста қамтамасыз етіледі. Бұл актив Қырғызстанның цифрлық активтердің мемлекеттік тізіліміне тіркелген. Ол USDKG стейблконынан ерекшеленеді. USDKG АҚШ долларымен қамтылып, Қырғызстан Қаржы министрлігінің 500 миллион долларлық алтын қорымен қамтамасыз етілген. Бұл жоба үшінші тоқсанда іске қосылмақ.
Сонымен қатар, Орталық банктің цифрлық валютасы – «цифрлық сом» ресми түрде заңды мәртебе алды. Жақын арада ол мемлекеттік төлемдерде сынақ ретінде қолданылмақ.
CoinDesk басылымының жазуынша, бұл бастама Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың биыл сәуір айында елдің конституциялық заңнамасына енгізген өзгерістерінен кейін жүзеге асып отыр. Сол түзетулер толық іске қосылғаннан кейін цифрлық сомды заңды төлем құралы ретінде мойындауға мүмкіндік береді.
Цифрлық активтерді енгізумен қатар, Қырғызстан кең көлемді криптоинфрақұрылымды дамытуға да ден қойды. Елде BNB токенін қамтитын ұлттық криптовалюта резерві құрылған, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арнайы оқыту бағдарламалары ұйымдастырылған. Сондай-ақ Binance Academy мен Қырғызстанның он жоғары оқу орны арасында серіктестік орнатылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев