12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шешімді заң жүзінде орындау үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді.
Мәдениет министрлігінің мәліметінше, TikTok әлеуметтік желісінің балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсерін тигізетіні анықталған. Зиянды әсеріне қатысты бірқатар үкіметтік емес ұйымдар шағым жасаған.
ТикТок қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне батырады. Жасөспірімдер оларды көргеннен кейін кейбір бейнелерді қайталауға тырысады. Олардың кейбіреулері өмірге қауіп төндіреді. Сонымен қатар, балалардың психикасы әлі де тұрақсыз. Мұндай желі тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Мәдениет министрлігі аталған әлеуметтік желінің мазмұнына мониторинг жүргізді.
TikTok қолданбасындағы ақпаратқа қол жеткізу кезінде жас санаты қаралмайтынын анықтады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер