Қырғыз байқаушысы: Қазақстандағы сайлау өте жоғары деңгейде өтті

21 Қараша 2022, 12:58 2065

Сайлау учаскелерін байқау барысында қазақстандықтардың белсенді дауыс бергенін байқадық

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен ТМД байқаушыларының отырысында Қырғыз Республикасының байқаушылар мүшесі Нуржан Шайлдабекова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өтті. Сайлау учаскелеріндегі қызметкерлер мен байқаушылар жұмыстарын өз деңгейінде орындады. Дауыс беру бюллетендеріндегі кандидаттардың есімдерімен қатар, «барлығына қарсымын» нұсқасы да көрсетілген. Бұл жерде дауыс беруші өзінің қарсылығын көрсетіп, ешкімді таңдамауға мүмкіндік қарастырылған. Сайлау учаскелерін байқау барысында қазақстандықтардың белсенді дауыс бергенін байқадық және дауыс беру барысында заңға қайшы дүние мен құқық бұзушылық тіркелмеді», - деді Қырғыз Республикасының байқаушылар мүшесі Нуржан Шайлдабекова.

Сонымен қатар Қазақстандағы президент сайлауынан алар тәжірибенің көп екенін атап өтті.

Айта кетейік, 20 қараш күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

Миражан Махан
Бөлісу: