Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Kabar-ға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Комитет мәліметінше, шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері болып табылатын Әзірбайжанның 5 азаматы анықталды. Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының назарына түскен қылмыстық топ мүшелері: В.М.Алиев, С.А.Багиров, М.О.Асгаров, М.СБехбудрв, З.И.Мамедов.
Жедел деректер бойынша М.О.Асгаров қылмыстық әлемде "бродяги" деген статусқа ие. Ол қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ мәртебесін көтеру мақсатында өзінің көрсетілген сыбайластарымен Қырғыз Республикасының аумағына келіп, ел басшылығына қастандық жасауды ұйымдастыруға келген.
Атап айтқанда, олардың қылмыстық жоспарлары Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қылмыстық идеологиядан жаппай бас тарту және қамауға алынғандар, тұтқындар мен бостандықта жүргендер арасындағы мемлекеттік саясатты одан әрі қолдау бойынша жүргізген іс-шаралары аясында туындаған.
Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды. Қазіргі уақытта оларды Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойыншатергеу шаралары жүргізілуде.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?