23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек шаңырақ көтерді. Оның таңдауы Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасарының қызы Гүлзада Тұрлаш есімді аруға түскен. Қыран Гүлзадаға үшінші кездесуінде ұсыныс жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыран Талапбектің отбасылы болғаны туралы қуанышты хабарды әнші, жайдарманшы Қабдол Тілеков Instagram парақшасындағы stories-те хабарлады. Ол "Жастар бақытты болсын" деп, Қыран мен Гүлзаданың парақшаларын белгілеген. Бұл мәліметті Қыран Талапбек те, Гүлзада Тұрлаш та растады.
Қыран Талапбек Instagram парақшасына "Бақытымды таптым" деп бірге түскен алғашқы видеосын жүктеді. Жас жұбайлардың дос болып жүргеніне 2 жыл болған. Олар бірге саяхаттап, бірге жүрген сәттерінен суреттерін жариялай бастады.
Қыран да, Гүлзада да екінші рет отбасын құрып отыр.
Еске сала кетейік, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың Назар есімді ұлы бар.
Кейін отандық бағдарламалардың біріне сұхбат берген Қыран Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң өзінің сүйіктісін тапқанын және басы бос еместігін айтқан еді.
Ал Гүлзада Тұрлаш тұрмысқа жас кезінде ақымақтықпен шыққанын жазған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік