30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚМА Төрағасының Бірінші орынбасары Ғ. Садырбековтың төрағалығымен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кеңес мүшелері мен шақырылғандар АЖ/ТҚҚ бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, отырыста Қазақстан Республикасының ЕАТ өзара бағалаудан өтуінің аралық нәтижелері және «бетпе-бет» жоспарланған кездесулерді өткізу шеңберінде сарапшы-бағалаушылардың түйінді мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, Еуразиялық өңірдегі АЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелері қарастырылды, сондай-ақ анықталған АЖ/ТҚ өңірлік тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды қоса отырып, ведомстволардың жұмыс жоспарларына өзгерістер енгізу бөлігінде ұсыныстар әзірленді.
Кездесу қорытындысы бойынша еліміздің өзара бағалаудан сәтті өтуіне бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасында келісімдерге қол жеткізілді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды