Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінде бұған дейін агенттік «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтағаны айтылған.
Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болып табылатын «Nikolsky Investment» ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған.
Алайда биылғы қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған. 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген, - делінген мәліметте.
Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сондай-ақ жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды. Тергеу жалғасуда, - деп қосты агенттік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді