15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАқмола облысының прокурорлары 450 тұлғаға қатысты заңсыз несие рәсімдеген ҰҚТ әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, былтырғы сәуір айында Зеренді ауданының прокурорымен аудан халқымен кездесу барысында белгісіз тұлғалармен әлеуметтік осал топтарына жататын аудан тұрғындарының атына ақшалай несие рәсімдеу фактісі анықталған.
Осыған орай аудан прокурорының бастамасымен жедел іздестіру шаралары басталған.
Нәтижесінде 2024 жылдың қараша айында алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру Ақмола облысы прокуратурасының Арнайы прокурорларына жүктелген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері алдау жолымен екінші деңгейлі банктерден ақша қаражаттарын жымқырғаны әшкерленді. Топ мүшелерінің әрбір қатысушының рөлдері, міндеттері және әрекеттері нақты бөлінген, - делінген мәліметте.
Алаяқтармен 450 тұлғаға қатысты 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімделген.
Осы орайда еліміздің бірнеше облыстарының тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады