Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСахнада көптен бері көрінбей кеткен әнші Нұржан Қалжан 40 жасқа толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі мерейтойында туған-туыстары мен өнердегі әріптестерінің басын қосты. Ал бұл кештен суреттер мен видеоны әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Қош келдің, 40 жас. Той басталды. Тойды өзім әнмен бастадым. Достарыма көп рахмет, - деп жазды әнші.
Нұржан Қалжанның қуанышын бөлісуге Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Майра Ілиясқызы, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Құдайберген Бекіш, Бүркіт пен Аиша, Ұланғасыр Қамиев, Асқар Жүнісбеков, Роза Әлқожа секілді жұлдыздар келген.
Бұған дейін Нұржанның өзі сахнадан көрінбей кетуінің себебін атаған.
Мұның алдында "Бұлбұл құсым" әнімен танылған Нұржан Қалжан өзінің бұрынғы продюсері Қыдырәлі Болмановқа қатысты мәлімдеме жасап, екеуара келіспеушілікке ақша себеп болғанын айтқан. Тіпті әндерінің радиода қойылуына да тыйым салғанын тілге тиек еткен.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?