Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайҚазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жариялады. Ол кіші ұлы Мансурды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін сәтті аяқтауымен құттықтады.
Светлана Айтбаева отбасының Мансурдың жетістіктерін мақтан тұтатынын айтып, оның шығармашылық жолына зор сенім білдірді. Оның айтуынша, Мансурдың сахнада өнер көрсету мен музыка саласында мол тәжірибесі бар.
Құттықтаймын, жаным! Өз ісіңнің нағыз маманы болуыңа тілектеспін! Осы күнге дейін әкеңнің жанында болып, әлемдік сахналарда өнер көрсеттің, тамаша шеберлік сабақтарынан өттің. Мықты музыканттармен бірге еңбек еттің және алдағы уақытта да солай жалғасатынына сенемін, – деп жазды ол.
Светлана Айтбаеваның айтуынша, Мансур алғашқы музыкалық шығармаларын жазып, бірнеше музыкалық аспапта ойнауды меңгерген.
Сен алғашқы туындыларыңды жазып, бірнеше музыкалық аспапты игердің. Бұған сені тәрбиелеп, білім берген ұстаздарыңның еңбегі зор, – деді ол.
Сонымен қатар ол Мансурдың білім алуына үлес қосқан ұстаздарына, атап айтқанда Әліби Юсуфовичке, Павел Александровичке және кураторы Раушан Рахембаевнаға алғысын жеткізді.
Жазбасының соңында Светлана Айтбаева ұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.
Жақында Димаш Құдайберген қазақтың халық әні «Ақ еркемді» жаңаша өңдеп, бейнебаян ұсынған еді. Ән тыңдарманның ықыласына бөленгенімен, ондағы «шыбыным» сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік бұл сөздің астарлы мағынасына қызығушылық танытып, оның нені білдіретінін сұрай бастады. Осы орайда El.kz тілшісі «шыбыным» сөзінің мәнін тарқатып жазған еді.
Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайКеше, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?Кеше, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат