29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Хатай қаласында жоғалған қазақстандықтарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Біздің дипломаттар жоғалған қазақстандықтардың туыстарынан соңғы мекенжайын білген соң, дереу түрік билігіне жүгінді. Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия ІІМ басшылығымен келіссөздер жүргізіп, құтқарушылар тобын жіберді. Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйдің орны тексеріліп жатыр. Әзірге олар тек Сабина Мамедьярованы ған тапты. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттерді де табады деп үміттенеміз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды.
Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше қазақстандықтың хабарсыз кеткені туралы жазған едік.
Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек