6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан ТЖМ құтқарушылары мен әскери қызметшілері шекара бекетінде кептелісте қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы Ресеймен шекаралас «Жайсан» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде ауыр жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Оқиға орнына дереу Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен №20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жіберілді.
Құтқарушылар тарапынан жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырылды: ыстық тамақ, ауыз су беріліп, медициналық көмек көрсетілуде, санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетілуде. Кептелістің негізгі себебі — шекарадан визасыз өту үшін QR-кодты міндетті түрде пайдалану жөніндегі жаңа тәртіптің енгізілуі.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Жүргізушілерге қажетті көмекті көрсету бойынша барлық шаралар уақтылы қабылданып, ахуалды тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда,-делінген ведомство мәліметінде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі