Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы қаласының құтқарушылары тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Іс-шара Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 қайырымды іс» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Балалар үшін қауіпсіздік негіздері бойынша қызықты тренинг ұйымдастырылып, балалар құтқарушылардың өрт болған жағдайда не істеу керек, «дабыл сөмкесіне» не салу қажет және шұғыл қызметтердің нөмірлері туралы сұрақтарына белсенді жауап берді.
Ерекшелігі бар балаларға қамқорлық — бұл бір реттік іс-шара емес, бұл қоғамды мейірімді әрі мықты ететін жүйелі жұмыс, - деп атап өтті Іс-шараға қатысқан ТЖ министрінің инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі Меруерт Құлахметова.
Кездесу соңында ерекше балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік