Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыӨнеркәсіп және құрылыс министрі Құрылыс кодексіне бюджеттен бөлінген қаржы қалай жұмсалып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсембаев 2023 жылы Құрылыс кодексінің жобасын әзірлеуге бюджеттен 382,5 миллион теңге бөлінгенін айтып, министрлікті сынға алған еді.
Мәжіліс кулуарында журналистер министрден бюджеттен бөлінген қаржының қалай жұмсалып жатқанын сұрады.
Министр заң жобасын әзірлеу барысында шетелдік тәжірибеге, сараптамаларға жүгінгенін және оны дайындауда министрлік көп күш салғанын жеткізді.
Әрине, бұл жұмыс біреудің қолымен жасалды. Сондықтан оған сәйкесінше ақы төлеу керек, - деді министр Қанат Шарлапаев.
Министр заң жобасын әзірлеуде бірқатар ұсыныс болғанына тоқтала кетті.
Бізде ҰКП «Атамекен» мен заңгерлік фирмаларға жүгінгеніміз және бағалық ұсыныстар жасалғаны туралы нақты фактілер бар. Оларды сіздермен бөлісе аламыз. Айтайын дегенім, сараптамалық топтардың баға ұсыныстары сіз айтып отырған мемлекет жұмсаған қаражаттан 3-4 есе көп болды. Құжатты оңтайландыру, оны түзету, қарама-қайшы нормаларды жою, мемлекеттік бақылауды күшейту жұмыстары жүргізілсе, онда бұл жұмыстың ақысы төленуі керек деп есептеймін, – деді министр.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады