Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасы ұсынылды

Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасы ұсынылды

Аян Қайырбаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын қалыптастыру үшін бірқатар рәсім жүргізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, алдымен Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, оның құрылымын қалыптастыру қажет.

Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Айбек Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет атқарғанын, тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Өмірбаяны:

Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы (2001-2002 жж)

ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы (2008-2011 жж)

ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева (2011-2013 жж)

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі (2013-2019 жж)

ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары (2019-2021 жж)

ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары (2021 ж. мамыр – 2022 ж. қаңтар)

ҚР Президенті Іс басқарушысы (2022 ж)

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы (2024 ж)

Білімі:

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған (2001 ж)

Осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған (2003 ж)

Марапаттары:

ІІ класты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі

«Құрмет» ордені

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Оқи отырыңыз

{