30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр.
Таңғы сағаттардан бастап сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады. Олардың қатарында алғаш рет өз таңдауын жасаған жастар да бар.
Дауыс беруге алғаш рет қатысқандардың бірі – 17 жастағы Алиса Сүлейменова. Ол сайлау учаскесіне ерекше толқыныспен келгенін айтты.
Алғаш рет дауыс беруге келдім. Қобалжып тұрмын. Құрдастарым да сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын, – деді Алиса Сүлейменова.
Сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киіммен келген азаматтар да көпшіліктің назарын аударды. Олар Құрылтай сайлауын ел болашағына ықпал ететін маңызды саяси оқиға деп бағалады.
Бүгін – барша қазақстандық үшін ерекше күн. Еліміздің болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымызды жасадық. Қазақстанның келешегіне шын жүректен сенеміз, – деді сайлаушылар.
10 мыңнан астам учаске дауыс беруге кірісті
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 7:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда және шетелде 10 363 сайлау учаскесі жұмысын бастаған.
Аумақтық сайлау комиссияларының шешімімен 107 учаскеде дауыс беру белгіленген уақыттан бір сағат бұрын – таңғы сағат 6:00-де басталды.
Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген. Олардың 17 132-сі тұрғылықты жерінен тыс жерде дауыс беруге мүмкіндік беретін есептен шығару куәлігін алған.
Жалпы, ел аумағында және шетелде 10 423 сайлау учаскесі құрылған.
Шетелдегі сайлау учаскелері де ашылып жатыр
Қазақстаннан тыс жерлерде де дауыс беру жалғасып жатыр. Сағат 7:00-дегі жағдай бойынша 16 мемлекеттегі 19 сайлау учаскесі жұмысын бастаған.
Жалпы, шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Олардың ашылуы уақыт белдеулеріне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды