7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім? Үкіметтің қаулысымен қан донорлары үшін алғаш рет ресми түрде «Құрметті донор» марапаты тағайындалды.
Осылайша Үкімет адам өмірін құтқару жолында тұрақты әрі өтеусіз донорлық жасап жүрген қазақстандықтардың еңбегіне лайықты баға берді. Енді олардың игі ісі ерекше мәртебемен айқындалып, жоғары бағаланады.
Құрмет белгісінің алғашқы иегерлері бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор бар. Үкіметтің қабылдаған қаулысына сәйкес ведомстволық төсбелгі Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде донор болғаны үшін беріледі. Атап айтқанда, қан және (немесе) тромбоцит донорлығы – кемінде 40 рет, қан плазмасының донорлығы – кемінде 70 рет болуы тиіс, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам азамат донор атанып, 255 мыңнан астам донорлық рәсім жасайды. Соның нәтижесінде жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке сапалы қан құю көмегі көрсетіліп, олардың өмірін сақтап қалуға және сауығуына мүмкіндік беріледі, – делінген хабарламада.
Кім қан доноры бола алады?
Республикалық қан орталығының мәліметінше, кез келген он сегіз жастан асқан дені сау адам – қан мен оның компоненттері доноры болуға ерікті. Ол үшін Республикалық қан орталығына дүйсенбі-жұма күндері сағат 08-00 кешкі 16-00 дейін бару керек. Өзімен жеке куәлігін алып келу керек. Республикалық қан орталығының тіркеу бөліміне алғашқы рет барғанда донордің деректерін Бірыңғай донорлық жүйеснің (БДЖ) компьютерлік базасынан тексереді. Содан кейін донор терапевт-дәрігердің қарауында болады және зертханалық зерттеулерден өтеді.
Қандай қан талдамасын тапсыру керек?
Қан орталығына келерде өзімен жеке тұлғасын куәландыратын құжат ала келу керек (әскерилер – әскери билетін). Донордың дене салмағы 60 кг кем болмауы керек.
Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік бақылауда 500 мл-ға дейін қан беру адамның денсаулығы үшін еш қауіпі жоқ екені дәлелденді. Сондықтан 400 мл доза физиологиялық деп аталады. Адам ағзасында орта есеппен 5 литрдей қан бар, яғни оның дене салмағының 7%. Қан берудің дозасы – 450 мл донордың денсаулығы үшін мүлдем қауіпсіз да зиянсыз, сонымен қатар, дозаның көп бөлігі қанның сұйық бөлігі – плазма, ал ол 18-20 сағат ішінде қалпына келеді. Қан қызметі мамандарының бақылауымен жүзеге асырылған донорлық зиянсыз. Қан бергеннен кейін де донордың көңіл күйі көтеріңкі, еңбекке қабілеттігі сақталады, жай-күйі қалыпты болады.
Донор нені еске сақтауы керек?
Қандай жеңілдік бар?
Алдымен, донор денсаулығы туралы анықтама және медициналық тексеруден (В және С гепатиті, мерез, АИТВ вирусына талдау, аланинаминотрансфераза мен гемоглобиннің деңгейін, қан тобы мен резіс-тиістілігін анықтау) тегін өтеді. Донация алдында ыстық шай, 0,25 АЕК көлемінде ыстық тамақ беріледі. Қан мен оның құрауыштарын тапсырған күні – орташа айлық сақтала отырып сол күнге немесе басқа күнге демалыс беріледі, немесе донордың қалауы бойынша ол күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады. Донорлар – студенттер, колледж оқушылары – қан тапсырған күні сабақтан босатылады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?