7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойы 3-4 қазан күндері халықаралық деңгейде тойланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұжымның мерейтойына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан және еліміздің барлық облыс орталықтарынан өнер майталмандары қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, екі күнге созылған іс-шара аясында «Інжу-маржан» мерекелік концерті, дирижерлар шеруі, оркестрдің қалыптасу кезеңінен сыр шертетін құнды жәдігерлер топтамасынан жылжымалы көрме, «Қазақ ұлт-аспаптар оркестрлерінің репертуар мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел, БАҚ қатысуымен баспасөз конференциясы, «Адай», «Сарыарқа» күйлері бейнебаянының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ұлттық оркестрдің мерейтойына орай Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтың, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, облыс әкімдерінің құттықтау хаттары оқылды.
Екі күнге жоспарланған мерейтойлық шарада Ұлттық оркестрмен бірге Өзбекстан Республикасының Халық артисі Фарух Садықов, Қырғызстан Республикасының Халық артисі Бақыт Тілегенов, Қырғызстан Республикасының еңбек іңірген артисі Айбек Саралаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, күйші Секен Тұрысбеков өнер көрсетті. Сондай-ақ мерекелік кештерде ҚР Халық әртістері Талғат Күзембаев, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жалғасбек Бегендіков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жайымов, Дүйсен Үкібай, Жанас Бекентұров, Арман Жүдебаев, Дінзухра Тілендиева, Жексен Айсын, Абылай Тілепберген, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Нарын Қажығали, Айдос Жабағин, Еркебұлан Сапарбаев, Төлеген Рахымбаевтар көрерменге өнерлерін паш етті.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?