Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 92-ші концерт маусымын салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандық өнер жұлдыздары, танымал сахна шеберлері бас қосқан кеш, көрерменге түрлі музыкалық шығармалар ұсынды. Кештің көркін еліміздің танымал сахна саңлақтары мен дәстүрлі өнердің көрнекті өкілдері келістіре ашты. Атап айтсақ, «Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі – Зарина Алтынбаева, Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі ән өнерінің шебері – Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші - Батыржан Мықтыбаев, Республикалық конкурстардың лауреаты, қобызшы - Әсел Рақымжан.
Көрермен қауым үшін ұлттық және әлемдік опера, Қазақстан композиторларының әндері, қазақ күйлері, заманауи шығармалар орындалды. Жаңа маусымның ашылуы көрермен үшін дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан, оркестрдің орындаушылық деңгейін паш ететін жарқын мәдени оқиға болды, - деп жазылған мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.
Жаңа маусымда көрерменді тың музыкалық жобалар, заманауи бағыттағы дуэттер мен ұлттық өнерге жаңа серпін беретін креативті концерттер күтетіні мәлім болып отыр.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова