7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Атырау облысының Құрманғазы ауданында бөгет бекіту жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Бұл туралы аудан әкімі Абат Жанғалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бөгет бекіту жұмыстары округ тұрғындарының көмегімен жасалуда. Одан бөлек ауданда екі мыңнан астам волонтер көмектесіп жатыр.
Аудан әкімінің айтуынша, күні бүгінге дейін 186 мың қапқа топырақ салынып, бөгет бекіту жұмыстарына жұмсалды. Өңірдегі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер материалдарымен және техникалармен көмектесуде.
Ауданда ең қауіпті - Қиғаш, Шортанбай, Дыңғызыл, Көптоғай, Бөкейхан, Кудряшов, Бірлік, Сафон ауылдық округтері Қиғаш өзені бойында орналасқандықтан және ең бірінші судың толқынын қабылдайтындықтан осы ауылдық округтердегі бөгеттерді нығайтуға бар күшімізді салып жатырмыз. Төтенше жағдай бойынша аудандық резервтегі бюджеттен 35 миллион теңге қаражат бөлінді. Одан кейін облыс бойынша ТЖ кезеңі жарияланғанда облыстан 580 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, аудан көлеміндегі бөгет нығайту жұмыстары жүргізілуде,- деді Құрманғазы ауданының әкімі.
Айта кетейік, Құрманғазы ауданына су Волгоград су электр станциясынан жіберіледі. 1979, 1991,1992 және 2016 -2022 жылдары ауданға су деңгейі 3,5 метр биіктікте келген. Биыл бөгеттердің ең қауіпті шыңы 5 метр деп болжануда.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?