Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКурсанттардың әскери ант беру рәсімі Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауда өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына 500-ге жуық курсант түсті.
Конкурста әр орынға үш адамнан таласты. Бұл жыл сайын біздің институтта оқуға ниет білдірушілер саны артып келе жатқанын көрсетеді. Оқуға түскендердің арасында Отан қорғаушы мамандығын саналы түрде таңдаған 90-нан астам мерзімді қызмет сарбазы бар. Олар "Срочники 2.0" мемлекеттік бағдарламасымен оқуға емтихансыз қабылданып отыр", – деп нақтылады ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары полковник Бауыржан Әбиров.
Биыл ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы келісім шеңберінде Қырғызстан мен Тәжікстаннан 14 курсант оқуға қабылданды.
Болашақ офицерлерге қолдау білдіруге Қарулы күштердің ардагерлері, Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдері, бірінші курс курсанттарының туыстары мен жақындары келді.
Салтанатты іс-шара үшінші курс курсанттарының қару-жарақпен саптық тәсілдерді орындаған көрсетілімімен аяқталды.
Ант беруші курсанттар туыстары мен жақындарының құттықтауларын қабылдап, алғашқы сейілге жіберілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?