6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбедегі «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде облыс әкімі Ералы Тоғжанов мұсылман жұртын қасиетті мерекемен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ол Исламның дәстүрлі құндылықтарын еске салып, жанашырлықты, мейірімділік пен ізгілікті бейнелейді, бізді игі істерге, бірлік пен татулыққа шақырады.
Құрбан айттың маңызы ерекше - ол жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, адами құндылықтарды нығайтады. Бұл мереке біздің қоғамда бейбітшілік пен конфессияаралық келісім мен диалогты нығайтуда үлкен рөл атқарады.
Бұл күні шамасы жеткен барша мұсылман қауымы құрбан шалу арқылы Алла жолында жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсетіп, өздерінің жомарттықтарын танытады. Бұл әрекеттер мұсылмандар арасында сүйіспеншілік пен бауырмалдық сезімдерін нығайтады, - деп атап өтті өңір басшысы.
Мерекеге орай облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті мен қалалық орталық мешіттің алдындағы алаңда киіз үйлер орнатылып, айт-намаз аяқталғаннан кейін жиналған жамағат ұлттық тағамдардан дәм татты.
Сондай-ақ, алаңда қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтіп, барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі