Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2023 жылы Құранды көпшілік алдында өртеп жіберіп танымал болған Ирак азаматы Салван Момика Швецияда TikTok-тағы тікелей эфир кезінде өлтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
The Independent газетінің мәліметінше, оқиға Швецияда Салван Момиканың сот отырысы өтерден бір күн бұрын болған.
Момика бірнеше рет Құранды көпшілік алдында өртеп, сол сәттің видеолары желіде қызу талқыға түсті. Оның бұл әрекеті бірқатар мұсылман елінде ерекше сынға ұшырап, олар Швеция билігін Момиканы жазалауға шақырған.
Швеция билігі сөз бостандығына сілтеме жасай отырып, оның әрекеттеріне рұқсат берді, алайда Үкімет пен қауіпсіздік қызметкерлері бұл рұқсат Швецияны ислам экстремистерінің нысанасына айналдыруы мүмкін екенін ескертті, - деп жазады басылым.
Euronews полицияға Стокгольм маңында атыс болғаны туралы хабарлама түсіп, пәтерден оқ жарақаты бар ер адам табылғанын алға тартты. Ер адамның өлімі расталған соң алдын ала тергеу басталған. Сондай-ақ атыс болған уақытта Салван Момика әлеуметтік желілерде тікелей эфирде отырған. Іс бойынша 5 күдікті ұсталды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?