Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБразилия құрамасы мен «Барселона» клубының бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо Бразилияның қазіргі құрамын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жігіттер, жетер, шыдамым таусылды. Бұл бразилиялық футболды жақсы көретіндер үшін қайғылы жайт. Матчтарды көру уақыт өткен сайын қиындап барады. Меніңше, бұл соңғы жылдардағы ең нашар команда. Онда беделді, көшбасшы ойыншылар жоқ, басым бөлігі орта деңгейлі футболшылар.
Мен футболды бұл салаға бет бұрмай тұрып, кіп-кішкентай кезімнен қарайтынмын. Бұрын-соңды мұндай нашар ахуалды көрген емеспін. Ұлттық құрама жейдесіне деген махаббаттың жоқтығына, биік рухтың жоқтығына, ең бастысы, әдемі футболдың жоқтығына куә болдық.
Өте өкінішті. Сондықтан Америка кубогының матчтарын көрмейтінімді және жеңісті тойламайтынымды мәлімдеймін, – деп жазды аңыз ойыншы.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар