7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды. 2023 жылдың басынан 6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан бөлек, ойын бизнесі субъектілерінің лицензияларын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді, оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта екі букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізілуде.
Министрлік ойын бизнесінің жосықсыз субъектілерімен белсенді күресуде. Қазіргі уақытта ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді, оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар, олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі жүріп жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізілуде, – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?