23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жақсыбек Құлекеев «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамына кіріп, тәуелсіз директор болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ кеңес құрамынан Мәжит Есенбаев өз өтінішімен шығарылды. Ал Жомарт Нұрабаев «АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ өкілі ретінде кірді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы кезектен тыс жиналысында шығарған шешімі бойынша, директорлар кеңесі 8 адамнан тұрады.
Құлекеев банктің акцияларына иелік етпейді. Ол бұған дейін «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты кітапты екі айда жазып шыққан болатын.
Айта кетейік, Halyk Bank акцияларының 69,52%-ы Динара және Тимур Құлыбаевқа тиесілі болса, 28,52% акциясына The Bank of New York Mellon несие мекемесі иелік етеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік