Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚұлсарының 1 594 тұрғыны өтемақы алу туралы келісімшартқа қол қойып, 1165-іне баспанасын қалпына келтіру үшін төлем төленді. Оның ішінде 722 тұрғын баспана сатып алуға және 443 тұрғын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына төлем алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, мобильді топ мүшелері үйлерді аралау барысында 2 583 үйге бағалау және техникалық зерделеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырған.
Құлсары қаласының тұрғыны Сегіз Бердіқұловқа мобильді топ мүшелері үйіне келіп, бағалау парағын берген. Ол сарапшылардың қорытындысында көрсетілген қаржыға толық келіскенін айтты.
Сарапшылардың мүлкіме жасаған бағалау қорытындысын алған соң дереу Жылыой ауданы әкімдігіне барып, маған төленетін өтемақыны ақшалай алғым келетінін айттым, - деді Сегіз Бердікұлов.
Вахтовый ауылының тұрғыны Қожантай Дәуітовке де бағалау комиссиясының қорытындысы берілді. Ол су басқан мүлікке келтірілген залал сомасына толық келісетінін атап өтті.
Мүлкімді әділ бағалаған мамандарға алғыс білдіремін. Бұл қаражатпен үйімді толық қалпына келтіремін деп ойлаймын, - деді Қожантай Дәуітов.
Айта кетейік, бүгін техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарау жұмыстары басталды. Нәтижелерді қайта қарауды мамандар тұрғындардың берген өтінішінде көрсетілген ескертулерді ескере отырып, жүзеге асырады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?