Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚұлсары қаласында Орталық аудандық аурухана жұмысын жандандырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласы су тасқынынан қатты зардап шекті. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте өңір әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев мәлімдеді.
Ең алдымен, қалада су сору жұмыстары жалғасуда. 18 сәуірдегі жағдай бойынша 10 мың текше метрден астам су сорылды, ал сорылған судың жалпы көлемі 521 мың текше метрді құрайды.
Сондай-ақ Құлсары қаласында еріген қар суы сорылған аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары басталды. Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігерінің ақпараты бойынша, №2 және Новостройка шағын аудандарында аула аумақтары мен кіреберістерді өңдеу жұмыстары аяқталды. 18 сәуірде Достық шағын ауданындағы №19 орта мектеп, №3 60 пәтерлі үй, сондай-ақ аудандық сот ғимараттары, Бейсенқұлов көшесіндегі үйлер электр қуатына қосылды. Бүгіннен бастап Құлсары қаласының орталық аудандық ауруханасы өз жұмысын жандандырды, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.
Су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек төлеу жалғасуда. 18 сәуірдегі жағдай бойынша 3137 өтініш қабылданды. Сондай-ақ, 1324 отбасы төлем алған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары