Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚұлсарыда су басқан жерді тазарту келесі аптада аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.
Оның сөзінше, Жем өзені арнасынан асып, Құлсары қаласындағы 2 920 үй су астында қалған. Бүгінгі уақытта Атырау облысының Жылыой ауданында тасқын судан бұзылған, бүлінген мүлікті бағалау жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғындардан 3676 өтініш түскен. Оның 3 334-і 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.
Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары кезінде 1,4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды. Түрлі шағын аудандардағы 42 үйде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.
Нысандары су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі консультациялық орталықтан 82 кәсіпкер кеңес алды. Орталық штатты режимде жұмыс жасап тұр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары