13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСу тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйден шыққан қалдықтарды алу үшін «West Dala» ЖШС-не тиесілі 8 кубтық 20 контейнер қойылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жылыой Тазалық» ЖШС-нің директоры Бауыржан Абдрахмановтың айтуынша, қала көшелерінен тұрмыстық және өзге де қалдықтары жиналып, арнайы орынға тасымалдау жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
«West Dala» ЖШС-нен екі контейнер тасушы көлік әкелінді. Соңғы екі-үш күнде 268 куб қалдық қала сыртына шығарылды. Атап айтсақ, «Атырау», «Жадырасын», «Автодорожник-2 шағынаудандарының қоқысы толықтай тазартылды. Қазіргі таңда, 2-ауыл, 4-ауыл, «Автодорожник-1», «Достық» шағынаудандарында қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мекеменің 4 бригадасы таңертеңгі 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін кесте бойынша үздіксіз жұмыс атқаруда, - деді серіктестік директоры.
Су тасқыны салдарынан кейінгі тазарту жұмыстары басталғалы 22,1 тонна қалдық шығарылып, 90 пайызға жуық жұмыс атқарылған. Бұл жұмыстарға 42 жұмысшы мен жалпы саны 22 арнайы техника (тиегіш, өзі аударғыш жүк мәшинесі) жұмылдырылып отыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды