2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліОтандық актер Санжар Мәди көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желіде Санжар Мәдидің су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына арнайы барып, бет-аузын тұмшалап алған күйі өзгелермен теңдей жұмыс істеп жүрген суреттері жарияланды. Бастысы, мұны актердің өзі ешкімге көрсетпеген. Тек оның әріптестерінің айтып қойған.
Бұл туралы журналист Азамат Әбілқайыр жеке парақшасында жазды:
Санжар Мәди деген актер бар. Сол Құлсарыға барады. Бет-аузын тұмшалап, күнге арналған қара көзілдірігін тағып, кепкасын бастыра киіп жағалауда құм тасып жүрген көптің арасына қойып кетеді. Осылай бола берер еді. Бірақ өзімен бірге барған әйгілі Nomad Stunts-тің жігіттерінің бірі «Санжик те келді. Иә, иә, кәдімгі Санжар Мәди» деп телефоннан айтып қалады. Актердің атына қанық сол жердегі жас волонтерлердің бірі мұны естіп қалып, кейін актермен жастар жаппай суретке түсе бастайды. Бір-екі күн бойы әлеуметтік желіге фото-видео салмай, елмен бірге құм толы қапшықты тасып, үнсіз жүре берген Санжар сосын барып желіге шығады. Онда да «Рух», «Біз біргеміз», «Менің қазағым» деген ән қойылған видео емес, топырақ тасып, құм үйіп жатқан «простой стористер». Көпшілік Атырау, Құласарыға жеке мобилографтарымен келіп жатқан жұлдыздар секілді Санжар Мәдиді де солай жүреді деп ойласа керек. Актердің мұнысына таңқалып жатыр, - деп жазды автор.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс