6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұлсарыдағы Құлсары қаласында газ беру үрдісі қалпына келтіріледі, осы мақсатта екі ауысымда жұмыс істейтін 4 бригада жұмылдырылды. Өтінімдер тәулік бойы қабылданады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев баяндады.
Электр қуатын беру және су айдау жұмыстары жалғасуда. Қоғамдық көлік қозғалысы да жаңғыртылды. 12 бағыт бойынша 55 автобус жүреді. Бір реттік төлемдерге өтініштер қабылдау басталды. Теңіз вахталық кентіне эвакуацияланған тұрғындар өтінішті сол жерден бере алады, - деді ол.
Жалпы Жем өзенінің су деңгейінің 20 см-ге төмендеуі байқалады.
Жайық өзеніндегі су тасқынына дайындық аясында жоспарланған 223 шақырым бөгеттің 123 шақырымы жасалды. Жағалауды нығайту жұмыстарына 935 бірлік техника, түрлі ұйымның 2,5 мың қызметкері және 3,5 мыңнан астам еріктілер жұмылдырылды, - деді Жұмағазиев.
Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта жиналған гуманитарлық көмектің 80% - ы Жылыой ауданына жіберіліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі